Тоқаев патриоттық Tik Tok жобасын құру ұсынысын қолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінің пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында балалардың көп бос уақыты болатындықтан тиімсіз нәрселерге алаңдайтынын, ал ата-аналар мен мұғалімдер оларды үнемі қадағалап отыра алмайтындығын жеткізді. Ол сонымен бірге елімізде жаппай балалар спортын дамытуға және балалар театрларын ашуға шақырды.
"Біздің балаларымыздың арасында көптеген таланттар бар. Мен мұны Жезқазғанда домбырада ойнаған балаларды көрген кезде түсіндім. Оларға қолдау көрсетуіміз қажет. Мен барлық ұсыныстармен қатар "Біздің елдің тарихы" Tik Tok жобасын да қолдаймын. Бұл жақсы жоба. Қазіргі уақытта жастардың көпшілігі TikTok пен Instagram секілді желілерде көп уақыттарын өткізеді бұл өмір шындығы. Біз де жастармен бір толқында болып, балалардың көңіл-күйіне, мәдениеті мен тәрбиесіне оң әсер етейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев бірқатар мемлекетке елшілер тағайындады
Tik Tok жобасын құру идеясын Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская ұсынған болатын. Оның пікірінше, жоба "Интернетті дұрыс және пайдалы бағытқа пайдалануға" көмек қолын созады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті қазақстандық балалардың тілді білу мәселесіне түсініктеме бере отырып, жастарды орыс тілін ана тілімен қатар меңгеруге шақырған.