Орыс тілін ана тілімен қатар меңгеру қажет – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында балалардың тіл үйренуге шектеу қоймау керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел президенті қазақстандық балалардың тілді білу мәселесіне түсініктеме бере отырып, мектеп бітіруші түлектердің қоғаммен етене араласу қажеттігін жеткізді.
"Олар бәсекеге қабілетті болулары қажет. Бұл үшін өзіңнің ана тіліңмен бірге мемлекеттік тілді де – орыс тілін де меңгеру керек. Балалар неғұрлым көп тіл білсе, соғұрлым өздеріне жақсы болады. Біз оларға шектеу қоймағанымыз дұрыс, себебі біз осы арқылы олардың гүлденген болашағына кедергі келтіреміз", – деді президент.
Ол cонымен қатар Білім министрлігіне басқа елдердегі көптілділіктің тәжірибесін зерттеп, оны біздің ұлттық топыраққа алып келуді тапсырды.
"Сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық": Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы туралы пікір білдірді
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады