Тоқаев Париж Олимпиадасы жеңімпаздарын марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Марапат алғандар қатарында бапкерлер де бар.
І дәрежелі "Барыс" орденімен:
- Сметов Елдос Бақтыбайұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Жамбыл облысы.
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:
- Мельниченко Юрий Васильевич – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы, Қарағанды облысы.
"Парасат" орденімен:
- Еркебаев Асқар Берікбайұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы, Астана қаласы;
- Жадраев Демеу Нұрдәулетұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Жетісу облысы;
- Жылгелдиев Ғалымжан Жамбылбекұлы – "Жоғары спорт шеберлігі мектебі" КМҚК жаттықтырушысы, Жамбыл облысы;
- Ким Александр Томович – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
- Курбанов Нариман Хусанжанович – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Алматы қаласы;
- Курбанов Хусанжан Шарипович – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
- Қоңыратов Боранбек Темірғалиұлы – "Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушысы, Алматы облысы;
- Қырғызбаев Ғұсман Даниярұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Алматы қаласы;
- Оралбай Нұрбек Рахатұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Астана қаласы;
- Сүлейменов Нұрбол Нұриұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
"Құрмет" орденімен:
- Әлсенов Алмаз Жеңісұлы – Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі, Астана қаласы;
- Камеков Долкунжан Турсунович – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
- Қызайбай Назым Абайқызы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Алматы қаласы;
- Ле Александра Георгиевна – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Алматы қаласы;
- Насонов Геннадий Романович – "Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" МКҚК аға жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
- Нәсиев Ермек Қадырбекұлы – "Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" МКҚК аға жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
- Сәтпаев Ислам Назарғожаұлы – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы, Алматы қаласы;
- Скиба Вероника Викторовна – "Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" МКҚК аға жаттықтырушысы, Алматы қаласы.
Сонымен қатар Қазақстанның Нысана көздеуден ұлттық құрамасының бас бапкері Ольга Довгунға және Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Асхат Житкеевке президенттің Алғысы берілді.
Талқылау

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады