Тоқаев: Пандемияны жеңу үшін 2 жыл уақыт керек
Пандемияны жеңу үшін 2 жыл уақыт керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев еліміздегі коронавирустың қазіргі жағдайы туралы айтты. Ол алдағы уақытта жаңа шаралар қабылдайтынын жеткізді.
"Күрес әлі жалғасуда. ДДСҰ болжамы бойынша пандемияны жеңі үшін кем дегенде 2 жыл уақыт керек. Алдағы айларда күш жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс жасайтын боламыз. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, ұйымдастырылған жұмыс жасауымыз керек", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев мемлекет тарапынан дағдарыстан шығу үшін арнайы қаражат бөліп, бұрынғы жағдайды қалпына келтіруге ықпал ететінін айтты.
"Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге қаржы бөлінетін болады. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз", - деді Тоқаев.
Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні