Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоқаев мені құтқарып қалды:" Дина Төлепберген мемлекет басшысының тапқырлығын айтты

Танымал журналист Дина Төлепберген президент кешенінде жұмыс істеген кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TalkLike жобасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Журналист экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде жұмыс істеген. 

“Президент кешенінде 4 жыл жұмыс істедім. Өте көп елді араладық. БҰҰ-ның отырысына қатыстым, Нью-Йорк, Египетте болдым. Тони Блэр, Ангела Меркель, Кофи Аннанмен кездестік. Тіпті, Ұлыбритания барған іс-сапарымыз “Борат” фильмімен тұспа-тұс келді. Бізді Тони Блэр керемет күтіп алды. Әуежайда көк туымыз желбіреп тұрса, сол жағымызда “Бораттың” афишасы ілініп тұрды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі болатын. Маған ресми келіссөзден гөрі, “Боратқа” қандай реакция беретіні қызық болды. Сол жерде Елбасының Тони Блэрмен кездескені емес, атышулы фильм туралы репортаж жасаймын деп шештім. Ол да менің бұзықтығым шығар. Протоколда жоқ сұрақты қоюға болмайтынын біліп тұрмын. Бәлкім, ол менің соңғы сапарым болып қалуы мүмкін еді. Баспасөз отырысынан кейін, Қасым-Жомарт Кемелұлына сұрақ қойдым. “Борат” деп айтсам, қара тізімге кетіп қалатынымды біліп тұрдым, сосын “комедия жанрына көзқарасыңыз қалай?” деп сұрадым. Ол кісінің де жауабы керемет болды. “Мен өзім комедия жанрын ұнатпаймын. Комедия дегеніміз – күлу. Ендеше комедияны көргенде бәрімізге ішек-сілеміздің қатып күлуін нәсіп етсін!” деп жауап берді. Дипломаттың жауабына бәрі риза болды. Мені де сол кісі құтқарып қалды. Әйтпесе президент жанындағылардың маған оқталған көзі әлі есімнен кетпейді. Жұмыстан қуылып кететін едім”, – дейді журналист. 

Талқылау