Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзін Twitter-дегі ресми парақшасында жариялады.
- Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар - Тоқаев
- Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында өзінің арманы туралы айтты
“Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, – деп жазды президент.
Қазақстанда медицина қызметкері күні маусым айының әр үшінші жексенбісінде атап өтілетінін айта кетейік.
Талқылау