Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық беруден бас тартты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тарту керек деген пікірмен келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bangkokbook.ru

Президент әкімшілігі 27 маусымдағы Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтінішін Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қарағанын еске салды.

"Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу нәтижелері бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізіп, ол келісті", – делінген президент әкімшілігінің жауабында.

Өтініш авторына қабылданған шешім туралы хабарланғаны атап өтілді.



Еске салайық, бұған дейін кешірім жасау комиссиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Марат Бәшімов мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартылғанын хабарлаған еді.

Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс "өте құпия" деп танылды. 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол үкімді даулауға тырысты, бірақ апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Талқылау