Тоқаев құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өткізді

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне президент әкімшілігі, қауіпсіздік қеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысқан.
“Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды”, – делінген хабарламада.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Сондай-ақ президент жиынға қатысушыларға жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткiзу уақытын бекіткен еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"