Тоқаев Қостанайда қызмет барысында қаза болған полицейді марапаттады
ҚР-дың президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызмет барысында қаза болған Д.С.Базарбаевты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі марқұм Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын", - деп мәлімдеді Тоқаев,
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қостанайда полиция қызметкері қаруланған ер адамнан отбасын құтқару кезінде қаза тапқаны жайлы айтылған еді.
"Өзімнен 5 жас үлкен әйел мені асырағысы келді": Актер Олжас Тоғымбет жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді
Көрермен менен қорқып, жиіркеніп отырды
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар