Тоқаев коронавирус бойынша нақты статистика ұсынуды талап етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы көрсеткіш үшін коронавирус жұқтырғандар бойынша статистиканы жасырған аймақтар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Пандемия кезінде медициналық статистиканың сенімділігі туралы мәселе көтерілді. Бұл пациенттердің тағдырына тікелей байланысты", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент барлық аймақтарда коронавирус бойынша статистикалық деректерді тексеруді тез арада ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.
"Оны бір ай ішінде өткізу керек және мезгіл сайын жаңартып отыру керек. Бұл әсіресе мектеп оқушыларына білім беру режимін анықтаған кезде және бизнес пен азаматтарға карантиндік шектеулер енгізген кезде өте маңызды. Сабақ алып, әдеттегідей әрекет ету керек", - деп қорытындылады президент.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған