Тоқаев көктемгі су тасқынына дайын болуға шақырды
Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны кезеңінде гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.
Осы мақсатта министрлік алдағы уақытта Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында көшпелі тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Зульфия Сүлейменова браконьерлікпен және ормандарды заңсыз кесумен күресті күшейту туралы баяндама жасады. Министрлік мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін орман шаруашылығын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқынына дайындық бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық гидротехникалық құрылыстарды паспорттау мен түгендеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін айтты.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді