Тоқаев қызметінен босатуды ұсынған Жоғары сот судьясы орнынан кетті
Парламент сенаты президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот судьясын қызметтен босатуды қолдады, дер хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Мейрам Құрмашұлы Жанғұттинов қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін айыпталған.
"Жанғұттинов сот шешімімен кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енді. Осыған байланысты президент Жоғарғы сот судьясынан босатуды ұсынды", - деді Шипп.
Сенаторлар ашық дауыс беру арқылы президенттің ұсынысын қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Мейрам Жанғұттиновты 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған. Сот материалдарына сәйкес, Жанғұттинов Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының экс-судьясы Тұрғынбаеваны алдап, 7 мың АҚШ доллары сомасындағы қаражатты иемденуге тырысқан. Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы ақша алу кезінде ұсталды.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да