Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетінін мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Президенттің сөзінше, сайлау биылғы жылдың 9 маусымында өтеді.
"ҚР кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасы спикерімен, премьер-министрімен кеңестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық", - дейді мемлекет басшысы.
Өз сөзінде Тоқаев сайлаудың әділ өтетінін атап өтті.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады