Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз.
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні қатарынан бесінші жыл тойланып келеді. Еске сала кетейік, 2018 жылғы 13 маусымда тиісті Жарлыққа Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. Содан бері музыкалық мереке шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
