Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік желілердің жұмысын реттеуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік желілердің жұмысын ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды.
Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазыпты президент хатшысы.
Бұған дейін елдің кейбір аймақтарында желі жұмысында келеңсіздіктер орнаған еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған