Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы футболдан Солтүстік Ирландияны жеңген Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісіне арнап жазба жариялады.
“Ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның үздік командасына қарсы ойынын тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын”, – деді ел басшысы.
Сондай-ақ "Астана жастары" мен басқа да ұйым еріктілеріне алғыс білдірді..
“Еріктілер ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты. Футболшыларымыз бен жастарымызды мақтан тұтамын”, – деп жазды Тоқаев.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтқан еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды