Тоқаев Қазақстан тәуелсізідігің 30 жылдығы жайлы: Қазір іс-шара ұйымдастыратын уақыт емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде ел азаматтарының тың тәсілдер мен тиімді шешімдер күтетінін, мұндай сәтте Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, Кеңес ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға байланысты аса күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын болады.
"Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал. Бұл жерде, ең алдымен, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жөнінде сөз болып отыр", – деді мемлекет басшысы.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"