Тоқаев ірі банктерді бірыңғай QR жүйесіне көшуді созып отырғаны үшін сынға алды
Фото: freepik.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі банктерді бірыңғай QR жүйесіне көшуді созып отырғаны үшін сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Digital Qazaqstan жобасын іске асыруға арналған жұмыс кеңесінде айтты. Президент Ұлттық банк банктер арасында QR арқылы төлем жасауға, аударым жүргізуге және цифрлық теңгемен есеп айырысуға мүмкіндік беретін цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастырғанын еске салды.
"Бұл төлем жүйесіндегі делдалдар санын азайтып, шығындарды айтарлықтай төмендетеді. Бұл инфрақұрылымға барлық банктің қосылуы заңмен міндеттелген. Алайда ең ірі банктер осы талапты орындауды созып отыр", – деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Қазақстандағы дүкендерде кез келген банктен төлем қабылдайтын біртұтас QR-терминалдар пайда болатыны туралы хабарлаған едік.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?