Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Елдегі төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирус ахуалына байланысты халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

"Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет", - дейді Тоқаев.

Айтуынша, ол еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлық шығару жөнінде шешім қабылдапты.

Заңға сәйкес 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс екенін алға тартты.

"Тестті халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет. Осыған орай, үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын. Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек. Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет", - дейді ол.

Сөзінше, дағдарыстан кейін де еліміздегі медицинаны дамытуға баса мән беріледі екен.

"Медицина саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Үкімет халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс. Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын", - деп қосты президент.


42500 екінші мәрте тағы төленеді - Тоқаев

Талқылау