Тоқаев Экология министрінің жұмысын сынға алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүльфия Сүлейменованың жұмысын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент өз сөзінде Астана су қоймасының ластанып жатқанын тілге тиек етті.
"Мұны құзырлы министрлік білуге тиіс. Қойманың түбін тазалап, оны тереңдету керек. Астана су қоймасының бөгетін толық тексеріп, нығайту қажет. Оған Сәтбаев каналынан судың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз еткен жөн. Осы шараларды дереу қолға алу керек.
Қойманың техникалық жағдайын шұғыл ретке келтіру қажет. Бұл – өте маңызды мәселе. Астанада бұдан басқа су көзі жоқ.
Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс", - деп қадап айтты Тоқаев.
Қазақстан электр тапшылығына дайын ба: Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі нені көрсетті?
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды