Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Екібастұздағы жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жағдайдың қайталануына енді жол беруге болмайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

екібастұз

"Екібастұз энергетикалық орталығын жаңғырту – бірінші кезектегі міндет. Үкімет пен әкімдік ГРЭС-1 бірінші энергоблогын уақтылы іске қосуды және ГРЭС-2 жаңа екі блокты салуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл ел бойынша жүзеге асуы тиіс жобалар. Ал Екібастұз ЖЭО-ны жаңғырту және келесі жылыту маусымына дайындыққа келетін болсақ, барлық жоспарлар толық көлемде және мерзімінде орындалуы тиіс. Өткен жылғы дағдарысты жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды", - деді Тоқаев сәрсенбіде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

Еске салайық, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы 30 градустық аязда жылу электр орталығындағы қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалған болатын. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Дәл осы күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған.



Кейіннен жылу электр орталығындағы апатқа қатысты тергеу басталғаны белгілі болды. Апатты жою үшін Астана мен тағы үш қаладан мамандарды жіберу туралы шешім қабылданды. Премьер-министр Әлихан Смайылов осы апатқа байланысты Қазақстан өңірлеріндегі энергетика нысандарына толық техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

11 сәуірде 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай ролигарх Клебанов басқаратын Екібастұз ЖЭО мемлекеттік бюджет есебінен күрделі жөндеуден өтіп жатқаны белгілі болды.

Талқылау