Тоқаев Әзірбайжанға жасалған дрон шабуылын қатаң айыптады
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзірбайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайтынын атап өтті.
“Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Иранның бірнеше дроны Әзірбайжан аумағына құлап, екі адам жарақат алғаны туралы жазған едік. Әзірбайжан президенті Иранның Нахчыванға жасаған шабуылын "террористік акт" деп атады.
Алайда Иран Әзірбайжанда құлаған дрондардың өзіне тиесілі екенін жоққа шығарды.
"Иран Ислам Республикасы барлық елдердің, әсіресе мұсылман және көрші мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтейді, Әзірбайжан Республикасына қарсы дрон ұшырылғанын жоққа шығарады", – деп мәлімдеді Иран қарулы күштерінің Бас штабы.
Сондай-ақ Иран билігі бұндай әрекеттерді бұған дейін Израиль жасағанын, мұның мақсаты мұсылман елдері арасындағы қарым-қатынасты нашарлату екенін мәлімдеді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды