Тоқаев алғаш рет көпшілік алдында немересі туралы айтты

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет немересі туралы көпшілік алдында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас футболшылармен тілдесу барысында немересі де осы спорт түрімен айналысатынын атап өтті. Ол немересі қақпашы екенін айтып қалды.
Жас футболшылармен, сондай-ақ боксшылармен әңгімесінде Тоқаев олардың болашақта әлем және Олимпиада чемпиондары болуына сенім білдірді.
"Ол үшін ең алдымен аянбай еңбек ету керек. Еңбек қана жеңіске жетелейді", – деді мемлекет басшысы.
Атыраулық блогер Тоқаевты балағаттаған видеосы үшін қамауға алынды
Мемлекет басшысы биыл жеке инвестордың қаржысына пайдалануға берілген Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Ол бұқаралық спортты дамыту үшін осындай спорт кешендерін көбірек салу керегін атап өтті.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"