Тоқаев: Әкімдердің көбі пандемия сынағын "үшке" тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде вакцинамен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсететін көшпелі бригадаларды шұғыл құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы "үшке" тапсырады", – деді Президент.
Сондай-ақ мемлекет басшысы вакциналау ісінде өңірлердің "температурасын" жіті бақылау маңызды екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрі әкімдерді аса ауыр жұқпалы ауруларға дайын болуға шақырды
"Вакцинациямен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл қалыптастыру керек. Аймақтың ерекшелігін ескеру, көңіл күйді алдын ала зерттеу, "температураны" өлшеу өте маңызды", – деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар