Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі әкімдерді аса ауыр жұқпалы ауруларға дайын болуға шақырды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әкімдерді аса ауыр жұқпалы ауруларға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавирустық инфекцияны қоспағанда, жұқпалы аурушаңдық бойынша эпидемиологиялық ахуал тұтастай алғанда Қазақстан Республикасында тұрақты болып қалады. 64 жұқпалы аурудың мониторингі жүргізілуде, 2020 жылдың аяғында 42 инфекцияның деңгейі азайды", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы, безгек ауруымен адам аурулары тіркелген жоқ.

"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 инфекциялық аурудың төмендеуі байқалды", - деп қорытындылады министр.

Министр әкімдерді аса ауыр жұқпалы ауруларға дайын болуға шақырды.

"Қазақстан аумағында оба, туляремия, геморрагиялық қызбаның табиғи ошақтары, сібір жарасы және басқа зоонозды инфекциялар бар. Алдағы эпидемиялық маусымға байланысты аумақ әкімдеріне тұрғындар арасында ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу шараларын уақтылы жүзеге асыру қажет", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Ол медициналық көмек көрсету сапасын арттыруды сұрады. 

"Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек және басқа тар мамандарға медициналық қызметкерлердің қырағылығы мен дайындық деңгейлерін жоғарылату, БЖА диагностикасы, дифференциалды диагностика тұрғысынан шаралар қабылдау қажет", - деп қорытындылады А.Цой.

Талқылау