Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әдейі таратып жатыр": Тоқаевтың швейцариялық банктегі шоты туралы баспасөз хатшысы жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың офшорлық шоты мен шетелде жылжымайтын мүлкі жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тоқаев

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ", – деп жазды ол Facebook парақшасында. 

Сондай-ақ ол Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да ешқашан қаржылық шоты болмағанын атап өтті.

Ал президенттің 38 жастағы ұлы Тимур Тоқаев – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.

"Өздеріңіз білесіздер, президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", –  деп мәлімдеді Уәли.

Сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) мен Vласть порталы Тоқаев туралы зерттеу жариялап, олардың отбасының Женевадағы көл жағасында және Мәскеуде пәтерлері бар екенін, сондай-ақ Швейцария банкіндегі шоты және оффшорлық шоттары барын мәлімдеген болатын. 

Талқылау