Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде кездесіп, екі ел басшылары құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойған болатын.
240 мың теңгелік ноутбукты 440 мыңға сатқан: Техника дүкендері қосымша бағдарламаларды орнатуды талап ете ала ма
Маман ақшаны сот арқылы нақты дәлелдер келтіріп өндіруге болатынын айтты
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше