Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоқ соққан болуы да мүмкін": Саясат Нұрбек ҚазҰУ аумағында қаза тапқан түлектің өліміне байланысты жаңа деректі бөлісті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында көз жұмған жігіттің өліміне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото gov.kz және желі кадрларынан

Министрдің айтуынша, Алматы қаласындағы №185 мектептің 11-сынып түлегі 19 маусымда ҰБТ тапсыруға келген. Тестілеу орны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусында орналасқан. 

"Кешкі сағат 16:00-де ауа-райы өте ыстық болды. Ол тыйым салынған белгіге қарамастан субұрқаққа түскен. Өлім себебін бүгін медициналық сараптама тағайындайды. Алдын ала болжам бойынша екі себеп бар. Бірі оның жүрегі тоқтап қалуы мүмкін немесе ток соққан болуы да мүмкін", – деді Саясат Нұрбек.

Ғылым министрлігінің басшысы болған оқиғаны тергеумен Алматы қаласының Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысатынын айтты.



"Ол ҰБТ-ны тапсырған жоқ. Өйткені Алматыда электр қуатының үзілуіне байланысты емтиханды ауыстыруға тура келді. Енді біз медициналық сараптаманың қорытындысын күтуіміз керек. Ол жақын арада шығады. Алдымен өлімнің себебін анықтасақ, кейін түсінікті болады", – деп қосты министр.

Еске салсақ, Алматыда ұлттық университет аумағындағы субұрқақ жанында жігіттің белгісіз жағдайда қаза тапқанын хабарлаған едік.

Талқылау