Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетті
5 қыркүйекте Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы жарияланды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін әкімді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетіні хабарланған.
Ол Ақтөбе облысын 2022 жылдың 31 тамызынан бері басқарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі