Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен маған мұндай талап қойма!" - Тоғжанов журналист Асхат Ниязовтың сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты (видео)

 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналист Ахмет Ниязовтың қойған сауалдарына орыс тілінде жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Обожаю” жобасына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Мен саған тағы қайталап айтамын. Ақтөбеде біз тек қана қазақ тілінде сөйлейміз. Қазақтың азаматтарымен қазақ тілінде сөйлесеміз. Жүрегіңмен, ниетіңмен қазақ тіліне бұрылсайшы бауырым. Сондықтан сен маған мұндай талап қойма! Жаңа қойылған орысша сұрақтың бәріне қазақша жауап бердім. Елдер сияқты керемет қазақша сөйлейтін жігітсің ғой. Неге қазақша сөйлемейсің? Неге қазақша білмеймін деп айтасың? Бізге сырттан келген басқа ұлттар қазақша сөйлеп жатыр. Қай тілде жауап беру менің хақым. Қалайша қазақ тілін түсінбейсің? Сен қазақша сайрап тұрсың ғой, көке”, – деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ журналист Ералы Тоғжановқа “сізбен бірге Ақтөбеге дейін барайын, тағы да сұрақтарым бар еді” – деді. Алайда әкім оның бұл өтінішіне қарсылық білдірді. 

“Ақтөбеге менімен бірге бара алмайсың. Басқа баратын кісі бар. Мен саған қанша сұраққа жауап бердім. Сол аз ба?” – деді Ақтөбе облысының әкімі. 

Талқылау