Тоғыз жастағы бала мәйітханаға барар жолда "тірілген"
Болгатанга қаласындағы мәйітхана қызметкері мәйітханаға барар жолда "тірілген" бала туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алхасса Азааре Дэниел басынан оқиғаны жергілікті радиолардың бірінде айтты. Даниелдің айтуынша, бір күні ол қайтыс болған тоғыз жастағы баланың денесін алу үшін балалар ауруханасына шақырылған. Ол оны кереуетке қойып, мәйітханаға апармақшы болған. Біраз жол жүргеннен кейін, бала кенеттен түшкіріп, жөтеле бастапты.
"Мен бірден тоқтадым, оны абайлап иығыма алып, қайтадан бөлімге апардым. Медбикелер менен баланың мүрдесімен не үшін қайта келгенімді сұрады. Мен үн қатпастан бірден төсекке бардым, баланы сол жерге қойдым, содан кейін бала тірі екенін айттым. Олар таң қалды", - дейді Дэниел.
Белгілі болғандай бала кейін ауруынан жазылып, ауруханадан үйіне қайтқанын айтады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты