Грузияда тоғыз сағат бойы банкте тұрғындарды кепілдікте ұстаған басқыншы ұсталды
Кутаисиде арнайы операцияның нәтижесінде "Грузия Банкі" филиалында тұтқынға алынғандар босатылып, басқыншы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Рустави 2" телеарнасына сілтеме жасап.
Көрнекі сурет
“Грузия Банкі” филлиалында қарақшы 12 адамды тоғыз сағат кепілдікте ұстаған. Грузия ІІМ өкілі зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.
Арнайы камуфляж және бетіне қара бетперде киген қарақшы Тбилиси уақыты бойынша 11:30-да Грузия Банкінің филиалына кірген. Басқыншы 2 миллион доллар, тікұшақ, рация және Ресейдің туын талап етті. Кейін талабын жеңілдетіп, бір жарым миллион долларға адамдарды босататынын айтқан.
Ұсталған қарақшының казино ойындарының кесірінен несие бойынша бірнеше қарыздары бар екені анықталды.
Талқылау

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді