Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тобыл өңірінде мамонттың салмағы 60 келі болатын азу тісі табылды

Тобыл өңіріндегі Құсмұрын көмір тілімінен мамонттың азу тісі табылды. Палеонтологиялық  құндылық – облыстық өлкетану музейдің  қорына тапсырылды.

скачанные файлы

Алып жануардың азуы көмір қазу кезінде табылған. Тасқа айналған  көне қалдықты кәсіпорынның техникалық директоры Антон Филиппов музейге алып келген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Қызметкерлерінің айтуынша, азу тістің салмағы шамамен 60 келіге жуық. Көмір тілімінен табылған ірі тіс 18-20 мың жыл бұрын аймақты мекендеген жүнді мамонттарға тиесілі болуы мүмкін. Бағзы дәуір фаунасынан сыр шертетін экспонат енді музей қорында сақталады. “Жарық пен оттегі әсерінен бүлінбес үшін, арнайы химиялық құрамдармен өңделеді”, – дейді мамандар.

“Жүнді мамонт қалдықтары біздің жақта жиі кездеседі. Соған қарағанда, алып жануарлар біздің  аймақта көп болғанға ұқсайды. Алайда, көне қалдықтардың көбі нашар сақталған. Ал көмір тілімінде табылған азу тісті арнайы өңдеуден өткіземіз. Егер экспозициялық құндылығы тәуір болса, келушілер назарына ұсынылады. Ал, нашар болса, әрмен қарай зерттеліп, музей қорында сақталады”, – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің  бөлім жетекшісі Андрей Андрющенко.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандыру кейінге шегерілуі мүмкін

Еліміздің барлық мектептері бес күндік оқу жүйесіне көшті 

Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек

Талқылау