Төбет көшеде есінен танып қалған иесін құтқару үшін дәрігерлерді алып келді (видео)
Қытайдың Шаньси провинциясында ит өз иесінің өмірін құтқарып қалды. Ол есінен танып қалған иесіне дәрігерлерді алып келген.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Итімен бірге кетіп баар жатқан ер адам көшеде аяқ астынан есінен танып, құлап қалған. Жергілікті тұрғындар бұл туралы шұғыл қызметтерге хабарлапты.
Осы кезде ит үлкен жолға шығып, жедел жәрдем көлігін күтіп, артынша жүргізушіге «соңымнан ер» дегендей белгі бере бастапты. Осылайша, төбет құтқарушылардың иесіне алып келді.
Дәрігерлердің бірінің сөзінше, ер адам ішімдікті көп мөлшерде ішіп қойғандықтан есінен танып қалған.
Ал иттің әрекеттері видеотіркегішке түсіп қалыпты. Ол бұл жағдайдан кейін желіде жұлдызға айналды. Желі қолданушылары төбеттің әрекетіне таңғалып, оны «қорғаушы періште» деп атады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр