Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Өзбекстанда ең жоғары: ТМД елдерінің ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай қанша төлем алады?

Фото: gov.kzФото: gov.kz

Биыл Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден бірреттік төлем беріліп жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі бұл сома ТМД елдерінде қандай екенін анықтап көрді.

2025 жылы Қазақстан соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден бірреттік әлеуметтік төлем берсе, көршілес Өзбекстан соғыс ардагерлеріне биыл 5 130 000 теңгеден (10 000 доллар) үлестіріп, ТМД елдерінің ішінде көш бастады. 

Биыл Тәжікстанда 1 180 000 теңге (2300 доллар), Беларусьте 783 000 теңге (5000 рубль) көлемінде бірреттік төлем беріледі. Молдова 848 000 теңгеден (30 000 Молдова лейі) үлестірсе, Әзірбайжанда соғыс ардагерлері 750 000 теңге (1,5 000 доллар) алмақ.

Қырғызстан соғыс ардагерлеріне теңгемен шаққанда 585 000 теңге (100 000 қырғыз сомы) көлемінде төлем бермек. Ал Ресей биыл соғыс ардагерлеріне 500 000 теңгеден (80 000 рубль) беріп, ТМД елдерінің ішінде ең төменгі төлеммен кесте соңына түсті. Ал Грузия 384 000 теңгеден (750 доллар) төлемек.
Инфографика: Stan.kzИнфографика: Stan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 сәуірдегі ақпараты бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 111 ардагері тұрады.

Еңлік Сақтан
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 18:05
Талқылау