"Тірі болғаныңда, той жасап берер едім": Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін еске алды
Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін еске алып, көзіне жас алды. Айтуынша, әкесі тірі болғанда, бүгін 50 жасқа келер еді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Асқар тау әкешім, тірі болғаныңда дүркіретіп тойыңды жасап беруші едім. 50 жасыңмен", - деп жазды Жұлдыз.
Ол бала күнінде ата-анасымен бірге түскен естелік суретін бөлісті. Сондай-ақ, әкесін еске аламын деп көңілі босағанын айтты.
Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали әкесінен бала кезінде айырылған. Ал анасы кейіннен басқа адамға тұрмысқа шыққан. Өмірғали інісімен бірге ата-әжесінің қолында тәрбиеленген.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген