"Сені сондай ұзақ күттім": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісіне алғыс айтты
Меруерт Түсіпбаева көктемнің алғашқы күнін жақындары мен сүйіктісіне алғыс айтудан бастады. Ол жүрегінің жартысын ұзақ күткенін, ол келгенге дейін өмірі "қызықсыз" болғанын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көктемнің алғашқы күні, құтты болсын! Бүгін - алғыс күні. Ең бірінші, шексіз алғысым - анама. Жер бетіне қайта келу бақыты бұйырса, ойланбастан, өзімді осы өмірге әкелген Рымкеш Төлегенқызын таңдар едім. Одан кейін бір тал Құдай берген балама алғыс айтамын. Өйткені балам, шын мәнінде жақсы адам, шүкір. Аман болшы, алтын балығым, Нұрғиса. Көз тимесін.
Үшінші кезекте менің жүрегімнің ішіндегі жүрегіме, Күнім, рахмет. Дер кезінде пайда болып, сүреңсіз сұр өмірімді ең ашық, ең әдемі бояуларға бояғаның үшін..
Мен сені сондай ұзақ күттім. Саған барлығы үшін ризамын!" - деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан