Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Балымбетов: "Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмас едім"

Белгілі тележүргізуші Тимур Балымбетов Динара Сәтжанға берген сұхбатында кімдермен сұхбаттасқысы келмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/toregalitoreali/balukz/assel.askar

Тимур Балымбетов Төреғали Төреәлімен және Әсел Асқармен сұхбат жазғысы келмейтінін айтып қалды.

“Мен Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмас едім. Мен хайп қуып жүретін адамдарды шақырғым келмейді. Бір рет шу шығарған немесе үнемі басы даудан арылмайтын адамдарды кадрда көргім келмейді. Себебі сұхбат – әдетте адамды танып-білудің, оны басқа қырынан көрудің жалғыз құралы. Сондықтан сенің сұхбатқа шақырған адамыңнан ел өзіне бір керегін алатындай, жоқ дегенде ой-танымы сәл болса да өсетіндей болуы керек. Оның үстіне менің арнама, менің сұхбатыма көрермендер сұхбат берушінің танымалдығы, хайпы үшін келгенін қаламаймын. Бұл – менің сұхбатым, келетін қонақ маған да қызық болуы керек, менің ол сұхбатқа дайындалғым келуі керек, мен онымен сөйлескім келуі керек. Әңгімелесетін адамды іздегенде ең алдымен "Ол көрерменге не береді? Пайдалы бірдеңе айта ала ма?" деп ойланып, сараптап барып шақырамын”, – дейді Тимур.

Сондай-ақ ол Динара Сәтжаннан Әсел Асқардан не себепті сұхбат алғанын сұраған. 

“Менің сұхбаттарымды атышулы қонақ үшін көргенін қаламаймын. Мысалы, Әсел Асқардың басы даудан арылмайды. Бірақ бұл әрекетінің себебі түсініксіз.

Тіпті серіктестік сұхбат маған қызық болмаса, ештеңе шықпайтынын түсініп тұрсам, мен ақша берсе де, келіспеймін. Мұндай ұсыныстар жиі түседі. Кейде әйелім "сенің сұхбатыңа келгісі келетіндерден бас тартпасаң, осы уақытқа дейін байып кетер едік" деп қалжыңдайды”, – дейді тележүргізуші.

 

Талқылау