"Тіл болмаса бұл әңгіменің пайдасы не?”: Желіде Алматыда өткен халықаралық форумның орысша жүргізілуіне наразылық танытқан жігіттің видеосы тарады
Алматыда “Digital Almaty” 30 елден инновациялық және IT-технологиялар саласындағы үздік сарапшылардың басын қосқан халықаралық цифрлық форум өтті. Instagram желісінде осы шараның неліктен қазақша өтпегенін тікелей сарапшылардан сұраған жігіттің видеосы тарап, көпшілік талқысына түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазба авторы сауал қойып тұрған жігіттің атын тарих пәнінен беретін Нұрқожа ағай деп атаған. Шара барысында ол сұрақ қоямын деп көпшілік алдына шығып, сарапшыларға шараны қазақша жүргізбегеніне назын айтқан.
“Алдымызда сөйлеп тұрған жеті адамның бесеуі қазақ, залда жиналғандардың 90%-ы қазақ. Бірақ арттарыңыздағы жазудың бәрі орысша, өздеріңіз орысша сөйлеп отырсыздар. Әкім орынбасары қатысып отыр екен, ол да орысша сөйлеп отыр. Неліктен қазақша сөйлемейсіздер? Бұл Digital Алматы ма әлде Digital Мәскеу ме? Біз өзі қазір қай елдеміз?Мысалы көп адам түсінбей отырған шығар?”- деді Нұрқожа.
Жігіттің сауалына жүргізуші жобаны қазақша басталғанын алға тартты. Сол жердегі жиналғандар арасында қазақша түсінетін адамдар 50%-ға жетпейтінін айтып, кешірім сұрады. Келесі шарада қазша сөйлейтіндерін айтып, уәде етті.
“Өте жақсы тақырыптар. Елімізді, мәдениетімізді көтереміз деп жатсыздар. Бірақ тіл болмаса бұл әңгіменің пайдасы не?”- деп қорытты жігіт.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
