"Тезірек жекпе-жекке шыққым келеді": МакГрегор Нұрмағомедовпен қайта сайысқа түскісі келетіндігін жеткізді
Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нұрмағомедовпен қайтадан жекпе-жекке шықпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ирландиялық спортшы жекпе-жекті болуын ұзаққа созғысы келмейді.
"МакГрегор Серронені жығып, Хабиб Нұрмағомедовпен тезірек сайысқа түскісі келетіндігі жеткізді", - деді Уайт.
18 қаңтар күні МакГрегор Дональд Серронемен орта салмақтағы жекпе-жекке шығатын болады. Олар АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Ал өз кезегінде Нұрмағомедов көктемде Тони Фергюсонмен күш сынасады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында МакГрегор Нұрмағомедовтен жеңілген еді.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда