Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні кино түсіруді қоямын": Гүлнұр Мамасарипова өзін сынағандарға жауап берді

Атақты “Келінжан” телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова өзінің жобаларын сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/

Кино саласының маманына бір оқырманы: “Басқа ел дамып жатса, біздің қазақ “Келінжан” көріп отыр” деген еді Құралай ханым”, – деген пікір білдірді. 

“Құралайдың өзі де “Келінжан” көреді-ау. Жалпы әркім өзінше дамиды ғой. Құралай Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні мен де “Келінжан” түсіргенімді қоямын”, – деп жауап берді кинопродюсер. 



Сондай-ақ кезекті желі қолданушысы:

“Қазақтың дамуына “Келінжан” кедергі келтіріп жүр ме екен сонда?”, – деп сұрады. 

“Жалпы өзім негативті ұнатпаймын. Айтсам, ауыз өзімдікі деп айта аламын. Тілім тәтті де, ащы да. Біреуге киномды өткізу үшін басқаның киносын даттамаймын. Өйткені әркімнің таңдауы өз еркінде. Қазақты дамыту дегеніміз – өзгенікін дамыту емес. Қазақтың өз даналығы өзінде. Сосын білім мен өре және IQ деген бар”, – деп жауап жазды Гүлнұр Мамасарипова. 

Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/

Еске салайық, кинопродюсер халыққа ақыл айтпай, жолын жастарға бергенін жазған едік.

Талқылау