"Терроризмнің көрінісі": Батыс елдері белсендінің ұшақта тұтқындалуына қатысты Беларусь билігіне шүйлікті
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Беларусь NEXTA интернет-ресурсының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичті босатуды және Минскіге жолаушылар ұшағының шұғыл қонуы бойынша халықаралық тергеу жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Литва Президенті Гитанас Науссе тиісті мәлімдеме жасады. Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл оқиғаны ауыр және қауіпті деп атады.
Естеріңізге сала кетейік, Ryanair авиакомпаниясы кеше Афинадан Вильнюске тұрақты рейс жасау кезінде, Минскіге қонды. Беларусь билігі ұшақ қонбаса, оны миналауға дайын екенін жеткізген. Бомба туралы ақпарат кейіннен расталмады.
Ұшақтың Беларусь астанасында қонуының басты себебі – Ұшақта Беларусьтегі наразылық шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпарат таратқан NEXTA жеделхат каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болуында деп түсіндіріледі.
"Азаматтық ұшақты тоқтатып алу - бұрын-соңды болмаған, жазасыз қалдыруға болмайтын мемлекеттік терроризм актісі", - деп жазды Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки өзінің Твиттер-аккаунтында.
Ол Ryanair ұшағымен болған оқиғадан кейін Беларусьтің әуе компанияларының ЕО аумағы бойынша ұшуына тыйым салуды талап ететіндігін мәлімдеді.
Протасевич рейстен шығарылып, тәртіп сақшылары оны құрықтаған. Журналистке қатысты жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
- Жириновский: Беларусь жыл соңына дейін Ресейдің құрамына енеді
- Беларусьте балалар порнографиясын түсірген студияның иесі ұсталды: адам шошырлықтай мәліметтер жарияланды
“Осы азаматтық кеменің командирі "Минск-2" баламалы аэродромына қонуға шешім қабылдағаннан кейін және ұшақты Минск бағытына бұрғаннан кейін көтеру туралы шешім қабылданды МиГ-29 "Барановичи" аэродромынан ауаға Экипажға "Минск-2" аэродромына қону үшін бақылауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда азаматтық кемеге көмек көрсету тапсырылды”, – дейді Беларусь әскери-әуе күштері қолбасшысының бірінші орынбасары Андрей Гурцевич.
“Минск-2 әуежайының диспетчерлері бортында жолаушылары бар азаматтық ұшақты атып тастаймыз деп қорқытқан. Осы мақсатта Беларусь Қарулы Күштерінің МиГ-29 истребителі көтерілді. Сонымен қатар, Беларусьтің өзінде бұл оқиға саясатпен байланысты емес”, – дейді Беларусьтің дағдарысқа қарсы халықтық дирекциясының басшысы Павел Латушко.
Nexta басылымы Республика аумағында Протасевичке өлім жазасы кесілуі мүмкін екенін айтады. Бұл туралы бұрынғы Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская да мәлімдеді.
Беларусьте Протасевич пен NEXTA құрылтайшысы Степан Путило айыпталып отырған Қылмыстық кодекстің баптарында өлім жазасы қарастырылмаған. Протасевич пен Путило ресми түрде террористер тізіміне енгізілген, бірақ олар әлі террориз жасады деп айпталған жоқ.