Террористік қылмысқа қатысы бар төрт қазақстандық шетелден елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізген операция нәтижесінде террористік қылмысқа күдікті төрт Қазақстан азаматы 7 және 12 мамыр күндері елге жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарын елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізді.
Биыл 7 және 12 мамырда шетелдерден ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнайы бөлімшесінің конвойымен террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген еліміздің төрт азаматы Қазақстанға жеткізілді.
Аталған тұлғалар ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген және ҰҚК үйлестіруімен ұсталған.
"Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін 2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбедегі теракт кезінде радикалды діни ағым өкілдері қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне, әскери бөлім мен полиция бекетіне шабуыл жасаған. Қанды оқиға салдарынан 25 адам қаза тауып, 38 адам жараланған. Кейін шабуылға қатысқандар ұсталып, олардың бірқатары өмір бойына, өзгелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сонда он жыл бұрын болған террористік шабуыл үшін сотталған үш адам түрмеде қаза тапты.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?