Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тергеу басталды": Ішкі істер министрлігі боксшы Шүменовтің Астанада балалы азаматты ұрып-соққанын растады

Астана сауда орталығындағы балалы ер адамды ұрып-соққан боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты. Мұны ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі пікір білдірді. 

"Иә, растаймыз. Қазір айналысып жатырмыз. Бұзақылық бойынша іс қозғалды", - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Заң бұзушылық аса ауыр емес деп бағаланып отыр. Сонымен қатар тергеу барысы Бейбіт Шүменовтің бұрынғы кәсіби спортшы екендігі жағдайды ауырлататын мән-жай болуы мүмкін бе екендігін айқындайтын болады.

"Қызметтік тексеру жүруде. Ол қатаң жазаға тартылады. Күні кеше министр мәселені көтерді, ол жазаланады", - деді Қайрат Сүнтаев.

Министр орынбасарының айтуынша, төбелес барысында бала зардап шекпеген. Дегенмен, зардап шеккен азамат бұрынғы әлем чемпионын қылмыстық жазаға тартуын талап етіп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған еді. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған болатын.

Айта кетейік, Бейбіт Шуменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Тұрақты әлем чемпионы (2016-2017, 2018-2019) және 1-ші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2016). Бұрынғы WBA әлем чемпионы (2013-2014), WBA тұрақты әлем чемпионы (2010-2013) және жеңіл салмақтағы IBA әлем чемпионы (2009-2014). 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Бейбіт тек кәсіби боксшы емес. Ол сонымен қатар менеджер және промоутер. Ол өзінің KZ Event Productions, Inc. компаниясын ағасы Шыңғыс Шуменовпен бірге 2007 жылы Лас-Вегаста ашқан.

Талқылау