Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терезесін целлофанмен жауып қойған: Павлодар облысында балалар тозығы жеткен мектепте оқуға мәжбүр

Павлодар облысында ауыл мектебінің терезесін целлофанмен жауып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы Воскресенка орта мектебі өткен ғасырдың 60 жылдары салынған. Содан бері бірде-бір рет жөндеу көрмепті. Мектептің есік, терезесі әбден тозған. Білім ошағының әбден тозығы жеткен. Қабырғасы қопсып, едені қақырып тұр.

“Әрине, мектеп ескі. Терезелерінен жел үрлейді қыста. Тозып кеткен мектеп. Терезесін целлофанмен қымтап тастаған. Өйткені, азынаған желден қорғанар басқа амал қалмапты. Мектепте 70-ке тарта оқушы білім алып жатыр”, – деді Воскресенка орта мектебі директорының міндетін атқарушы Динара Жармулдинова

“Қыста суық болғандықтан, келгім келмейді. Әйнектен жел келеді. Әйнектер шала жабылған. Ана кабинеттер шала жабылған. Төбеден су ағады. Әйнектен суық кіреді сосын”, – дейді оқушы Айару Жәрдембекқызы.

Мектептің жағдайынан аудан әкімі де хабардар. Алайда, қолдан келер қайран жоқ деп отыр. Өйткені, биыл да бұл мектептің жөндеуіне қаржы бөлінбепті.

“Аудан бойынша 17 мектептің ішінде жалғыз Воскрескенка ауылы мектебі ғана қалды. Ол жақсы көрсеткіш. Өте жақсы көрсеткіш аудан бойынша. Міне, проектісі бәрі дайын. Мәлімдесе жасадық. Заяка бердік. Облыс басшылығы ол жағдайды біледі”, – деді Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов.

Воскресенка ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Сондықтан да ауыл мектебі тасада қалып қойған сияқты. Ата-аналар бұл мектепке комиссия келмейтінін айтады.

Талқылау