Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ "Сбербанк" пен "Газпромға" қаражат салған: Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қауіп төнді

Қазақстандықтар теңгенің құнсыздануына байланысты зейнетақы жинақтарына алаңдаулы. Бұл қаражатты көбейту мүмкін бе? Олардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігі батыс санкцияларының ықпалында қалған ресейлік компанияларға салынған. Осыған байланысты қазақстандық экономистерді зейнетақы жинақтарының табыстылығы қатты алаңдатып отыр.

Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлайды.

Қаңтар айында бұл көрсеткіш инфляция деңгейінен төмен болды. БЖЗҚ-да бұны бағалы қағаздар бойынша өтемақы төлемдер, оның ішінде жарияланған жинақтар мен кейбір операцияларға кеткен шығынға байланысты деп түсіндірді. Қазір теңге күрт құнсызданды.

“Теңгенің құнсыздануы шамамен 7-8, мүмкін, одан да көп пайызға құнсыздануы теңгелік жинақтарымыздың да дәл осындай құнсызданғанын білдіреді”, – деді экономист Айдар Әлібаев.

Экономист Меруерт Махмұтова тағы бір қауіп барын айтты. Айтуынша, қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің бір бөлігі ресейлік компанияларға салынған. Украинадағы жаңа санкциялар мен соғыс қимылдарына байланысты олардың акциялары қазір құлдырады.

“Бұл – “Газпромның” бағалы қағаздары, “Сбербанктің” бағалы қағаздары, бұл –  “Норникель”, бұл ең ірі ресейлік компаниялар, қазір олардың барлығы дерлік санкцияда қалды. Сондықтан оларды қазір сатудың мағынасы жоқ деп ойлаймын. Ресейлік бағалы қағаздарға салынған инвестиция қазіргі уақытта БЖЗҚ үшін шығын, бәріміз үшін, Қазақстан азаматтары үшін тек шығынға әкеледі”, – дейді экономист Меруерт Махмұтова.

Биылғы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинағының көлемі 13 триллион теңгеден сәл асты.

БЖЗҚ әзірге жағдайға қатысты түсініктеме беруге дайын емес. Ұлттық банкте де дәл осындай жағдай. 

Талқылау