Теңге нығаюда: Ұлттық банк түсініктеме берді
Қазақ теңгесі өз позициясын нығайтып келеді. Қаңтар айынан бері ұлттық валюта доллармен 1,5%-ға өсті. Бүгінде доллардың құны 426 теңгені құрайтынын жеткізген Ұлттық банк валютаның жағдайына түсініктеме берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап.

“Теңгеміздің нығаюының негізгі факторы мұнай бағасының баррелі 90 доллардан жоғары болуы. Украинаға байланысты геосаяси жағдайлардың әсері мен соның салдарынан Ресей рубльінің артуы”,-деді Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің бас маманы Аян Шаймұхамбетов.
Мамандар теңгенің нығаюын шет елдік валюта сұранысының төменеуімен байланыстырады. Долларды белсенді сатып алу өткен жылы қарқынды болатын. Ал қазір оған сұраныс төмендеп, экспорттаушылардың бюджетке салық төлемдері аясында ұлттық валюта қымбаттаған.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"