Теңге антирекордты жаңартты
Қазақстан қор биржасында 4 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,72 теңге болды. Бұл ұлттық валюта тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық валюта одан әрі құлдырап жатыр – таңғы саудада бағам 497,02 теңге болды. KASE-де күндізгі сауда-саттықта АҚШ долларына қатысты бағам 499,2 теңгеге теңесті, бұл Ұлттық банктің 5 наурыздағы ресми бағамы болады.
Ал Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 514-518 теңге аралығында сатып жатыр. Олардың кейбірі шетел валютасын сатуды тоқтатты.
"Самұрық-Қазына", "Самұрық-Энерго" және ҚТЖ басшылығына қатысты тергеу басталды
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"