"Температура біртіндеп жоғарылайды": Елімізде алдағы күндерге арналған ауа рауы болжамы белгілі болды
Қазгидромет еліміз бойынша 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің кей бөлігінде жаңбыр, кей жерінде +42°С-қа дейін аптап ыстық болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді. Сол себепті елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ пен қатты жел болады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр болжанды. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С-қа дейін, солтүстікте +20+28°С-қа дейін, орталықта +22+33°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С-қа дейін, оңтүстікте +33+38°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр. Еліміздің батысында +35+42°С-қа дейін қатты ыстық болады.