Үсік жүреді: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 2022 жылғы 16-18 тамыздағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес алдағы тәуліктер жауын-шашынсыз өтеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен апта ортасына қарай ауа температурасы төмендейді.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі.
Республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде:
- батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С,
- солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С,
- солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін,
- орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін,
- шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С, таулы аудандарда + 3+8°С болжанады.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады